|
19.08.2022 | 09:10
2880

Алматы әкімі Ерболат Досаев TAV Airports Holding басшылығымен кездесті

Тараптар бұдан былай да өзара ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді

Алматы әкімі Ерболат Досаев TAV Airports Holding басшылығымен кездесті пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі  Ерболат Досаевтың TAV Airports Holding жаңа бас директоры Серкан Каптан және Алматы халықаралық әуежайы басшылығымен кездесуі барысында жаңа терминалдың ағымдағы құрылысы бойынша мәселелер талқыланды. Тараптар бұдан  былай да  өзара ынтымақтастыққа  дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа терминалдың іске қосылуы жолаушыларды өткізу қабілетін жылына 7 миллионнан 14 миллионға дейін арттырады және  қаланың бүкіл Орталық Азиядағы  транспорттық-логистикалық хаб ретіндегі  позициясын нығайтады.

«Алматы үшін әуежайды дамытуға бағытталған мәселелер өте  маңызды. Өйткені, әуежай қаланың әуе қақпасы әрі әуе алаңы болып табылады. Расында да, қаламыздың болашақта дамуы әуежайдың жағдайына, оның инфрақұрылымына, сервис деңгейі мен ыңғайлылығына тікелей байланысты. Бізде Алматының жоғары мәртебесіне лайық барлық халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи терминал болуы тиіс. Өз тарапымнан қаланың бұдан былай да жобаға қолдау білдіретінін растаймын», – деді Ерболат Досаев. 

Кездесу барысында Алматы халықаралық әуежайының даму перспективалары мен шеберлік-жоспарларын жылдың аяғына дейін  әзірлеу және әуежай аумағындағы транспорттық инфрақұрылымды бірлесіп дамыту шаралары талқыланды. Мегаполис басшысы осы құжаттың ағымдағы жылдың аяғына дейін қабылданатын қаланың бас жоспарымен сәйкес болуы тиіс екенін атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир