Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен бала құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аталмыш факті Қаратал шағынауданында тіркелді. 18 тамыз күні кешкі уақытта екі жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті.
Белгілі болғандай, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Баланың анасы бүлдіршінді бір сәтке үлкен балаларына қалдырып, үйден шығып кеткен. Қуанышқа орай, бала аман қалды.
«Шақырту бойынша келген дәрігерлер зардап шеккен баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір оны тексеруде. Дәрігерлер балаға көмек көрсетуде. Оның анасы да сонда», – деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Қайсар Мұхметов.
Осындай жағдайға тап болмас үшін тәртіп сақшылары ата-аналардан сақ болуды сұрайды.
«Құрметті азаматтар! Осыған ұқсас жағдайға жол бермеу мақсатында жас нәрестелеріңізді ешқашан да қысқа уақытқа болса да көзден тайдырмауды сұраймыз. Себебі, мұндай жағдайлар көпқабатты үйде ғана емес, жай үйдің маңайында да болуы мүмкін», – деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Қайсар Мұхметов.
Оқи отырыңыз: 25-қабаттан секріп, мерт болған әйел пәтерді жалға алған