Қала маңындағы қоғамдық көлік қызметін дамыту мақсатында Алматы Қалалық мобилділік басқармасы 26 қарашадан бастап №216 жаңа қаламаңы маршруты іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған маршрут Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді. Желіде 45 минуттық жиілікпен 5 автобус жүретін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында Басқарма 2023 жылы 25 елдімекенді қамтитын 10 қаламаңы маршрутын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 7 маршрут іске қосылды, қалған 2 маршрут әзірленуде.
Бұдан бөлек, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін қала маңындағы 20 жаңа маршруттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елдімекен қамтамасыз етіледі.