Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында халықпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ол Алматы қаласының Алатау ауданында инженерлік желілерді дамыту бойынша жобалар жалғасып жатқанын атап өтті.
2018-2020 жылдары Көкқайнар шағынауданында сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ауданның дамуымен инженерлік коммуникациялар желілерін кеңейту қажеттілігі туындады.
Бұрын инженерлік желілерге қосылмаған және 400-ден астам адам тұратын 80 үй сумен және кәрізбен қамтылатын болады. Ұзындығы 3 км желілер Ақбастау, Бесағаш, Арқалық, Көкқайнар, Ақшағыл және Мамбетов көшелерімен өтеді.
Осылайша, Көкқайнар шағын ауданы су құбыры мен кәріз желілерімен толық қамтамасыз етіледі.
Аталған учаскеде тарату желілерін салу 2024 жылға жоспарланған. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Еске салсақ, Алматының Алатау ауданындағы 11 шағынауданында инженерлік желілерді дамыту аясында биыл айтарлықтай жобалар жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Алматыда 3 кітапхана ашылуы мүмкін