Биыл Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрылғанына 40 жыл толып отыр. Осыған орай, Alatau Creative Hub орталығында жиын өткізіліп, кітап бөлімшелеріне экскурсия жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шарада ұйымның алға қойған жоспары талқыланып, жетістіктері сараланды. Мәселен соңғы бір жылда заманауи технологиялардың көмегімен автономды кітапханалар, өзіне-өзі қызмет көрсету жобалары жұмыс істейді. Зағип жандарға да қызметтердің қолжетімді болуы қадағалануда.
Еске салайық, бірегей жүйе бүгінде 28 кітапхананың басын біріктіріп отыр.
– Биыл 3 кітапхана ашамыз деген ойымыз бар. Кітапханаларымыздың ерекшелігі - былтырдан бастап, 7х24 бағдарламасымен, демалыссыз жұмыс істейді, – деді Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Ләззат Спатаева.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар Қайрат Дүйсенді еске алды