Алматы әкімі Ерболат Досаев Еуропалық комиссар Януш Войцеховскиймен кездесті

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық дамудың барлық саласында екіжақты ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаласты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың еуропалық комиссар Януш Войцеховскиймен кездесуінде ауыл шаруашылығы, экология, туризм, көлік және логистика саласындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тараптар Алматы мен Еуропалық Одақ арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген ұзақ мерзімді берік әріптестік құрылғанын атап өтті. Еуропалық Одақ Алматының негізгі саяси және экономикалық серіктестерінің бірі. ЕО елдерінен тікелей шетелдік инвестицияның негізгі үлесі Нидерланды, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Кипр және Люксембургке тиесілі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық дамудың барлық саласында екіжақты ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаласты.

Оқи отырыңыз: Астанада құрылыс нысанында жұмысшылар төбелесті

Новости партнеров