Алматының Экономика басқармасы тұрғындардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Биыл маусым айында жылдық инфляция мамырдағы 9%-дан 8,4%-ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7%-ға және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6%-ға дейін төмендеуі есебінен болды. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-7,5%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр.
Биыл бірінші тоқсанда номиналды ақшалай кіріс орта есеппен әрбір алматылыққа 22,9% өсіп, 287 мың теңгеге жетті. Нақты мәнде өсім 11,9%.
Орташа айлық жалақы 454 мың теңге болып, номиналды мәнде жалақы 16,4%, нақты мәнде 6% өсті.
Тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аударылып отыр. 32,7 мың жұмыс орны құрылды, оның 75%-ы тұрақты. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеді.
Оқи отырыңыз: Алматы автобустарында бүгіннен бастап жолақы 120 теңге болды