Алматыдағы өнеркәсіп парктерінің ауданы үлкейеді

пресс-служба акимата
пресс-служба акимата
Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы өнеркәсіп парктерінің ауданы 2025 жылға қарай 250 мың м2-ге дейін үлкейеді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шағын өнеркәсіптік парктерге бизнес тарапынан жоғары қызығушылық осы аумақтардың дамуына түрткі болады. Алаңдар кәсіпкерлер тарапынан сұранысқа ие, ал жеңілдетілген шарттар бағдарламаға жаңа қатысушыларын тартады.

«Резиденттер үшін 3 жылға дейінгі мерзімге 1 350 теңгеден коммуникациялары тартылған әрленген үй-жайлар көзделген, кейіннен жалға берілетін үй-жайдың бір шаршы метрін 180 мың теңгеден сатып алу мүмкіндігі бар, сонымен қатар өнеркәсіп парктерінің резиденттеріне 7 жылға дейінгі мерзімге 70 млн теңгеге дейінгі сомаға жылдық 2%-бен жеңілдетілген несие беріледі», - дейді Берік Солтанбаев.

Тиісті басқарманың басшысы қазіргі уақытта Алматыда шағын өнеркәсіп парктерінің 30 мың шаршы метрден астам үй-жайлары салынғанын айтты. Қазірдің өзінде олар кәсіпкерлік субъектілерімен толықты және 2025 жылға қарай ауданын 250 мың шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарланған.

Новости партнеров