Алматының қысқамерзімді экономикалық индикаторы оң үрдісті көрсетті

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 55%-ға өсіп, 287,5 млрд теңгеге жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы Алматының 2024 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысын шығарды.

2024 жылдың екі айының қорытындысы бойынша қала экономикасының серпінді өсуі қамтамасыз етілді: Алматының қысқамерзімді экономикалық индикаторы оң аймаққа 1,7%-ға өсіп, 101,7%-ды құрады.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 55%-ға өсіп, 287,5 млрд теңгеге жетті. Жылдық инфляция қарқыны 2023 жылғы желтоқсандағы 10,2%-дан 2024 жылғы ақпандағы 9,9%-ға дейін баяулауды жалғастырды.

Ерболат Досаев атап өткендей, көлік (+17,6%), байланыс (+4,2%) және өңдеу өнеркәсібі (+4,9%) экономиканың драйверлері болды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 24,5%-ға – 190 млрд теңгеге дейін, оның ішінде жеке инвестициялар 23,8%-ға өсті.

«Инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруі байқалады. Биылғы қаңтар-ақпанда туризмде инвестициялардың айтарлықтай өсуі 4,6 есе (3,7 млрд теңгеден 17,5 млрд теңгеге дейін, үлесі – 9,2%), өңдеуші өнеркәсіпте – 3,6 есе (3,3 млрд теңгеден 12,1 млрд теңгеге дейін, үлесі – 6,4%) және IT-секторда 2,1 есе байқалды (6,1 млрд теңгеден 13,1 млрд теңгеге дейін, үлесі – 6,9%)», - деді мегаполис басшысы.

Сондай-ақ қаржы қызметіне инвестициялар 50,5%-ға (9,8 млрд теңге, үлесі - 5,1%), тұрғын үй құрылысына 4,8%-ға (88,5 млрд теңге, 46,3%) өсті. Нәтижесінде инвестициялардағы басым салалардың үлесі өткен жылдың 2 айындағы (13 млрд теңге) 8,7%-бен салыстырғанда 22,5%-ға (42,7 млрд теңге) дейін артты.

2024 жылы Алматы экономикасының тұрақты өсуі 2 трлн теңгеден астам инвестиция тарту есебінен қамтамасыз етіледі, инвестициялардың өсуі 10%-ды, құрайды, оның 90%-ы- жеке (1,8 трлн теңге).

Новости партнеров