Мемлекет басшысының сапары кезінде баяндама жасаған Алматы әкімі Ерболат Досаев 2024 жылы қала экономикасының даму перспективаларын атады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасы 7,5% деңгейінде өскен.
Жоғары база аясында 2024 жылы Алматының жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) өсуі 25,4 трлн теңге көлемінде 5,5% деңгейінде болжанады.
2024 жылға арналған қала бюджеті 1,62 трлн теңгеден астам мөлшерде бекітілді. Оның ішінде ағымдағы шығыстарға бюджеттің 68,4% бағытталады, бұл 1,1 трлн теңгеден асады. Қаланың даму бюджеті 233 млрд теңге болды.
Алматы басшысы атап өткендей, қала бюджеті әлеуметтік салаға бағытталуын сақтайды және бірінші кезекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматының орта мерзімді дамуының негізгі бағыттары бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуға, білім беру және денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аударылады.
Оқи отырыңыз: Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы оң үрдісті көрсетті