Алматыда бүгін Конституция күніне орай қаламыздың визит карточкасында сәулеттік-көркемдік жарықтандыру іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасының медиа қасбетінде мультимедиялық шоу 30 тамызда сағат 21:00-де басталады. Телемұнараны жарықтандыру қаланың жарқын безендіріп, сәулеттік келбетін жақсартады және туристер мен мегаполис тұрғындарын қызықтыратын орталыққа айналамақ.
Телемұнараға жарық беру мынадай кесте бойынша жұмыс істейді:
Күнде сағат 20:00-ден сағат 2:00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады.
Сағат 2:00-ден сағат 5:00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлар арқылы жарқырайды.
Мереке күндері сағат 21:00-ден сағат 2:00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылады.
Сағат 2:00-5:00-ге дейін прожектор арқылы жарықтандыру іске қосылады.
Телемұнара әртүрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLS-H прожекторларымен, сондай-ақ құрылымның 10 деңгейін бірдей жарықтандыратын LED модульдері бар жарық желілерінің медиа қасбетімен жабдықталған.
Оқи отырыңыз: Алматыда Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді