Шағын және орта бизнес – қалада жұмыспен қамтудың 85% астамын қамтамасыз ететін Алматы экономикасын дамытудың драйвері. 2023 жылы жалпы несие сомасы 170 млрд теңгеге 2,1 мыңнан астам жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында субсидиялау және кепілдік беру құралдары арқылы 158,4 млрд теңге кредит сомасына 1 876 жоба қаржыландырылды.
«Алматы Бизнес–2025» өңірлік бағдарламасы бойынша 899 жұмыс орнын құру арқылы 153 жоба қаржыландырылды.
«Даму» қорымен бірлесіп «Almaty Business» өңірлік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесі – 6%, несие сомасы – 100 млн теңгеге дейін (шағын өндіріс парктері үшін – 500 млн теңге, несие беру мерзімі - 7 жылға дейін) «Jana Business» қосалқы өнімі құрылды. Барлығы 5 млрд теңге сомасына 71 жоба қолдау тапты.
Сауда операцияларының тиімділігін арттыру мақсатында «Japa Business» бағдарламасында жылдық 8,5% мөлшерлеме бойынша факторингтік мәмілелерді қаржыландыру мүмкіндігі көзделеді. Құралды іске асыру мақсатында 2023 жылы 3 млрд теңге (жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге, Даму қаражаты – 2 млрд теңге) бөлінді.
2023 жылы «Almaty Business Development Company» компаниясы «бір терезе» қағидаты бойынша 58 мыңға жуық консультациялық қызмет көрсетті, оның ішінде 503 рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдесті.
2024 жылы Алматы қаласында бизнесті дамытудың өңірлік және мемлекеттік шаралары есебінен ШОБ субъектілерінің 3 мыңға жуық жобаны қолдау жоспарлануда.
Оқи отырыңыз: ҚХР Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысының делегациясы Алматыға келді