|
29.09.2022 | 09:21
2114

Ерболат Досаев Медеу ауданын электр қуатымен қамту жұмыстары жайлы айтып берді

Медеу ауданының 55 көшесінің тізбесі жасалды

Ерболат Досаев Медеу ауданын электр қуатымен қамту жұмыстары жайлы айтып берді sputniknews.com

Қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде ауданды электр қуатымен қамту жұмыстары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Кеңсай, Бутаковка және Каменское плато ықшамаудандарында жалпы ұзындығы 33,8 км электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгіндері 16,8 км электр желісін тарту жұмыстары аяқталды. Қалған 17 км электр желілері бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

"Біздің кездесулеріміз барысында көтерілген мәселелерді ескере отырып, Медеу ауданының 55 көшесінің тізбесі жасалды. Олар бойынша сыртқы жарықтандыру желілерін жүргізу қажет. Ағымдағы жылдың соңына дейін18 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Қалған көшелер бойынша жұмыстар 2023 жылы аяқталады", - деп мәлімдеді мегаполис басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир