|
09.02.2024 | 09:27
1125

Медеу ауданында екі жаңа мектеп салынады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді

Медеу ауданында екі жаңа мектеп салынады elements.envato.com

Алматының Медеу ауданындағы Құлжа тасжолының оңтүстігіне қарай "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2 мың орынды жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімдіктің жобалық офисінің қолдауымен іске асырылатын "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша Алматыда 2024-2025 жылдары 37,1 мың орынды 22 оқу орнын салу қарастырылған.

Сондай-ақ 2024 жылы ауданда 1500 орынды тағы екі жекеменшік : "Думан" шағынауданында 1200 орындық және Халиуллин көшесінде 300 орындық мектептің құрылысын бастау жоспарланған. Іске асыру мерзімі - 2024 жылдың соңына дейін.

"Біздің жұмысымыздың басты бағыты – қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту. 2023 жылы №48 мектеп жанындағы 250 орындық қосалқы нысан реконструкцияланды және №131 мектеп сейсмикалық күшейтілді және күрделі жөнделді. Биыл №35 мектеп жанынан 300 орындық, №99 мектеп қасынан 250 орындық, №131 мектеп жанынан 300 орындық қосалқы нысандар салу жоспарланған", - деді қала басшысы.

Оқи отырыңыз: Тау Самалы шағынауданында қаза тапқан отбасының қаржылық міндеттемесі өтеледі – Ерболат Досаев

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир