Медеу ауданында су тапшылығы болмайды: резервтік сумен қамту жүйесі іске қосылады

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Таулы қырат, Алатау және Юбилейный шағынаудандарында тарату желісі салынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Резервтік сумен қамту жүйесі Алматының Медеу ауданында су тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бұл туралы Ерболат Досаев айтты. 

2024 жылы Алматыда, Мұзтау, Каменск үстірті, Асқарау, Кіші станица, Атырау және Сұлусай шағынаудандарында 145,7 км тарату желінің құрылысы басталып, 2025 жылы аяқталады. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Сонымен қатар қала басшысының айтуынша, 2024 жылдың 3 тоқсанында Таулы қырат, Алатау және Юбилейный шағынаудандарында 51,7 км тарату желілері салынады.

- Өткен жазда аптап ыстыққа байланысты ауданның жоғары бөлігін сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады. 2023 жылдың шілдесінде судың лайлануы нормадан 50 есе асып, су тапшылығы тәулігіне 20 мың м3 болды. Тапшылықты жою үшін төтенше жағдайлар аясында қуаты тәулігіне 32 мың м3 резервтік сумен қамту схемасының құрылысы басталды, ол 2024 жылдың маусым айында аяқталады. Судың негізгі көзі - Талғар жерасты сулары  мен сорғы станцияларының қуатын 60% арттыра отырып, 6 жаңа ұңғыма бұрғылау болып табылады, - деді Ерболат Досаев.

Бұған қоса, қала басшысы «Думан» шағынауданында халық санының көбеюіне байланыст, жұмыс істеп тұрған резервуарлардың өткізу қабілеті ауыз су қажеттілігін өтемейтінін атады. Жазғы уақытта тәулігіне 2,2 мың текше метр тұтыну тапшылығы байқалады.

- Осы мәселені шешу үшін биыл 2 су резервуарын, магистральды су құбырын және 2 сорғы станциясын реконструкциялауды бастаймыз, - деді Ерболат Досаев.

Айта кету керек, Каменск үстірті, Көлсай, Мұзтау және Юбилейный шағынауданының тұрғындарын сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар желісі бойынша 7,3 мың м3 суға арналған 7 резервуар салынды. Сондай-ақ күніне 15,7 м3 су өткізетін 6 ұңғыма салынды және реконструкцияланды. Қазіргі таңда осы осы жылдың наурыз айында нысандарды толыққанды іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.

- Медеу ауданының әкімдігі 2023 жылдан бастап 276,5 км сумен қамту және канализация тарату желілерін салу жұмыстарын бастады. 2023 жылы Халиуллин көшесі мен Каменское үстірті шағынауданында 13,4 км құрылыс аяқталды. 2024 жылы Кеңсай, Көлсай, Компот, және Думан шағынаудандарында 65,7 км желінің құрылысы аяқталады, - деп сөзін түйіндеді Алматы әкімі.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында 2024 жылы 42,2 км тротуар мен 17 км арық желісі салынады

Новости партнеров