Алатау ауданында 327 бейнебақылау камерасы орнатылады

kaz.365info.kz
kaz.365info.kz
98 «Сергек» аппарат-бағдарлама кешендерін орнату жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, аудан аумағында 655 көпқабатты үй орналасқан, оның ішінде 1158 подъезд бар, онда 3071 камера орнатылған.

"Биылғы 15 қазаннан бастап қала аумағында 3050 камера орнату жоспары аясында ауданда 327 бейнебақылау камерасы орнатыла бастайды, оны желтоқсанда аяқтау жоспарланған", - деді Досаев.

Аталған 327 камера келесі жерде орнатылатын болады:

- Парктер мен скверлер - 13 камера;

- Алаңдар мен мешіттер - 6;

- Мектептер мен колледждер маңы - 24;

- Емханалар мен ауруханалар маңы - 8;

- Көпқабатты тұрғын үйлер аулалары - 266;

- Криминогенді жерлер - 10;

"2023 жылдың I-тоқсанында қосымша 98 «Сергек» аппарат-бағдарлама кешендерін орнату жоспарланған", - деп толықтырды мегаполис басшысы.

Новости партнеров