|
23.09.2022 | 09:31
6862

Ерболат Досаев Алматының индустриалды аймағындағы екі жаңа кәсіпорынды іске қосты

Ерболат Досаев индустриалды аймақтың басқарушы компаниясына өндірістік кәсіпорындардың жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды

Ерболат Досаев Алматының индустриалды аймағындағы екі жаңа кәсіпорынды іске қосты пресс-служба акима Алматы

Ерболат Досаев Алматыда бірден екі кәсіпорынның – тау-кен өндіру жабдықтарын өндіру және қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының суперсервисі Weir Minerals және диагностикалық тест-жүйелерін өндіретін «Қаз-Диа-Тест»ЖШС-тің іске қосылуына қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Weir Minerals компаниясының әлемдік көшбасшысының супер сервисін Кazstroy Trade ЖШС Алматы индустриалды аймағындағы шағын өнеркәсіп саябағында жүзеге асырады. 2450 шаршы метр алаңда энергетикалық сектор, тау-кен өндіру саласы және жалпы мақсаттағы өнеркәсіп үшін шлам жабдығын шығару жоспарлануда: сорғылар, гидроциклондар, клапандар, елеуге арналған жабдық, резеңке және тозуға төзімді футеровкалар. Жоспарланған өндірістік қуаты – жылына 600 бірлік өнім. Жобаға салынған жалпы инвестиция 1,25 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын 60-тан астам жаңа жұмыс орнын ашады.

Жобаны іске асыру өз қызметінде тау-кен өндіру жабдығын қолданатын ірі компаниялардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

 «Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы зауыт. Weir Minerals-тың KAZAX Minerals және Kazzinc сияқты қазақстандық компаниялармен серіктес әрі мол тәжірибесі бар. Weir Minerals жабдықтары бұрыннан қалыптасқан және жергілікті мыс шахталарында сенімді жұмыс істейді. Енді отандық компаниялардың құрал-жабдықтарды сатып алуға және қызмет көрсетуге мүмкіндігі болады», - деді Ерболат Досаев өзінің құттықтау сөзінде.

Қала басшысы сондай-ақ«Қаз-Диа-Тест»ЖШСзауытының ашылуына қатысты, ол тест-жүйенің 4 түрін: экспресс-тест, ПТР-тест, ИФТ-тест, Петри тостағанын шығаратын болады. Зауыттың қуаттылығы – жылына1,83 млн тест.Жобаның құны –4,6 млрд теңге, оның 50%-ы – өз қаражаты, 50%-ы – қарыз қаражаты.65 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. 

«Мұндай жобаны іске асыру, әсіресе соңғы жылдардағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, дер кезіндегі әрі өзекті шешім болып табылады. Коронавирус пандемиясы «Басты байлық – денсаулық» екенін нақты көрсетті. Сондықтан жеке тестілеу жүйелерінің болуы – Алматы қаласы  ғана емес, бүкіл Қазақстан  және жалпы денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды қадам», - деді қала басшысы кәсіпорынның ашылу салтанатында.

Ерболат Досаев индустриалды аймақтың басқарушы компаниясына өндірістік кәсіпорындардың жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир