"Алматы су" МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді
Алматының бірқатар шағынауданында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмысқа байланысты, суық су жергілікті түрде ажыратылатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Алматы су" МКК сілтеме жасап.
"30 мамыр күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін "Орбита-1, 2, 3, 4", "Таугүл - 1, 2", "Мамыр-1, 4, 5, 6, 7", "Алмас", "Атамекен", "Қуаныш", "Достық" шағын аудандары мен М.Кәрім, Цветочная, Ықылас, Тойбастар, Тайбұрыл, Пролетарская көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Анықтама телефоны: 274-66-66.