|
18.05.2023 | 09:35
1509

Алмалы ауданында инженерлік желілерді жаңғырту қалай жүріп жатыр

Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу кезінде айтып берді

Алмалы ауданында инженерлік желілерді жаңғырту қалай жүріп жатыр birzha-othodov.ru

 Алмалы ауданында инженерлік желілерді модернизациялау жұмыстары қалай жүріп жатыр? Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу кезінде айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Осы жылдың қаңтарынан бастап мамырға дейінгі аралықта электр желілерінде 93 авария тіркелді және осы проблеманы шешу үшін жыл басынан бері 6 қосалқы станцияны модернизациялау және 19 км тозған электр кабелі желілерін ауыстыру жұмысы жүргізілді. Жыл соңына дейін 28 қосалқы станцияны реконструкциялап,  тағы 50 км электр желілерін модернизациялау жұмыстарымен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шара электр желілерінің тозуын 61%-ке дейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді (АЖК бағалауы бойынша бүгінде тозу 81%)", - деді Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша, жыл басынан бері Тұрғыт Озал, Чайковский және Мақатаев көшелеріндегі аула ішіндегі аумақтардағы 1,4 км су құбыры желілері жөндеуден өтіп, сондай-ақ Бруно мен Рахманинов көшелерінде 700 м кәріз желілері салынған.

"Жыл соңына дейін 3,6 км су құбыры (7 учаске) және 1,2 км жылу желілерін (Байтұрсынов – Төле би – Наурызбай батыр – Бөгенбай батыр бөлігінде) модернизациялау, сондай-ақ жалпы жеке сектордың: 2я-Кастекская, Моңғол, Есентай және Қожамқұлов көшелеріндегі жалпы ұзындығы 1,6 км кәріз желісі  құрылысы аяқталады", - деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир