Қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездеседі

02.11.2022 22:29

Кездесу уақыты: сағат 9:00

пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

2022 жылдың 3 қарашасында сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі Шевченко көшесі, 97 мекенжайындағы Логистика және көлік академиясының ғимаратында өтеді.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Алмалы әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады:

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.