«Шетсіз қала»: Алматыда 2020 жылы 1423 көше жарықтандырылды, 2021 жылы қаланың тағы 601 көшесіне жарық беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл ақпаратты өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев мәлімдеді.
Мегаполисті электрмен жабдықтау туралы айта келе, Айдар Беркімбаев электр желілерінің ұзындығы 8,381 мың км құрайтынын, оның ішінде 67% немесе 5,615 мың км тозғанын айтты.
«2020 жылы «АЖК» АҚ меншікті қаржы есебінен 293,4 км электрмен жабдықтау желісі (жоспар 150 км) жаңарды, бұл Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарын электрмен тұрақты жабдықтауға мүмкіндік берді», – деді басқарма басшысы.
2021 жылы 270 км электр желісін қайта жаңарту жоспарлануда. Сондай-ақ, жалпы құны 11,2 млрд теңге болатын «Тұздыбастау» ПС құрылысы және екі «Алмагүл» ПС, «Каскад» ПС аяқтау жоспарлануда.
Айдар Беркімбаев қалада жарықтандыру мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы айтып берді. ӨКҚ спикерінің айтуынша, 2020 жылы «Алматы қаласының сыртқы жарықтарын жаңарту» шарты аясында 7 магистралды көше бойындағы ескі сыртқы жарық желілерінің (бағаналар, шырақтар) жаңа бағаналар мен энергоүнемді шамдарға ауыстырылды.
Сонымен қатар, «Шетсіз қала» бағдарламасы бойынша аталған келісім-шарт аясында қаланың 1 423 көшесіне, 4 ауданға сыртқы жарық желілері орнатылды. (Алатау ауданында - 413 көше, Жетісу ауданында - 84 көше, Наурызбай ауданында - 312 көше, Түрксіб ауданында - 614 көше).
«2021 жылы Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарында қалған 601 көшеде сыртқы жарықтандыру желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған», – деп жалғастырды А. Беркімбаев.
Басқарма басшысы өткен жылы 16,1 км жылу желілері қайта құрылып, жөндеуден өткенін айтты, ал жалпы жоспар бойынша 14,3 км жөнделуі тиіс болған, соның арқасында тозуды 0,2%-ға төмендету мүмкіндік болды.
«2021 жылы ұзындығы 20 км (9 км реконструкция, 11 км жөндеу) жылу желілерін қайта құру және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатыр», – деп түсіндірді А. Беркімбаев.
Биыл қазандық қуатын жалпы 55 Гкал-ға, 135-тен 190 Гкал-ға ұлғайта отырып, «Оңтүстік аудандық қазандықты қайта жаңарту» объектісін аяқтау жоспарлануда. Бұл қаланың оңтүстік бөлігінде 260 мың тұтынушы үшін жылу энергиясының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1,24 мың шақырымды құрайды, оның 61,1%-ы немесе 758 шақырымы тозған.
Сондай-ақ, Наурызбай ауданында жалпы құны 8,13 млрд.теңге болатын «Премьера» КПТК, «Елім Ай» КПТК, «Елисейские поля» КГ қазандығы кеңейтіледі. Жобаны іске асыру қосылған кенттердің тұтынушыларының жүктемесін жабуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, жылу-энергетикалық жүйені дамыту үшін 2021 жылы 11,5 млрд.теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Бостандық ауданында Рысқұлбеков/Ладыгин көшесінде «Орбита аудандық қазандығының» құрылысы бойынша мемлекеттік инвестициялық жоба іске асырылуда. Сондай-ақ Түрксіб ауданында қосымша қазандықтар орната отырып, «Вокзал» қазандығын қайта жаңарту іске асырылуда.
Брифинг барысында басқарма төрағасы «Halyk bank» арқылы газдандыруды бөліп төлеу мүмкіндігі бар екенін еске салды. Бұл жұмыс қаланың газбен жабдықтау жүйесіне әлі қосылмаған аудандарында жеке сектор тұрғындары арасында белсенді жүргізілуде.
Сонымен қатар, өткен жылдың басында іске қосылған «Алматы қаласының халықтың әлеуметтік осал топтарын газдандыру (ХӘОТ)» қайырымдылық әлеуметтік жобасы аясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен мұқтаж отбасылардың үйлеріне газ жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Қазірдің өзінде 92 үй газдандырылды. Бұл бастаманы Halyk Bank 63 млн теңгеден астам қаржы бөліп, тегін қолдау көрсетті.
Брифинг тақырыбын Алматыда 2022 жылға дейін аяқталатын 11 жылу магистралінің құрылысы туралы ақпаратпен аяқтады. Сондай-ақ, ол жоспарлар туралы айтты, қазіргі уақытта 1961, 1986 жылдары салынған қала сыртындағы коллекторларды қайта құру жобаларын әзірлеу мәселесі қарастырылуда.