|
10.09.2024 | 09:39
2675

Алматы тауларында жаңа кемпинг аймағы орнатылды

Олар тіпті сағаттап тауда уақыт өткізген туристерге гаджетін зарядтау үшін таптырмас құрылғы күн панельдерімен де жабдықталған

Алматы тауларында жаңа кемпинг аймағы орнатылды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Теңіз деңгейінен 3450 метр биіктікте орналасқан Альпинград алаңда кезекті кемпинг аймағы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Альпинград белсенді демалысқы құмар әуесқойлар арасында танымал Амангелді, Мәншүк Мәметова, Пионер, 28 панфиловшылар шыңдарымен қоршалған. Осы себептен де Альпинград алаңы демалысқа қолайлы орындардың бірі болып саналады.

Кемпинг аймақ жайлы демалыс үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген – мұнда кең шатыр алаңдар, жабық үстелдер мен орындықтар, жайлы күрке бар. Тіпті сағаттап тауда уақыт өткізген туристерге гаджетін зарядтау үшін таптырмас құрылғы күн панельдерімен де жабдықталған. Сонымен қатар күркеде келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сигналды маяк орнатылған.

Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін Алматыда «Терра» алаңында және Титова көлі маңында тағы екі кемпинг аймақтың ашылуы жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Алматыда контейнерлік алаңдарды санитарлық өңдеу жұмысы жүргізіліп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир