Алматыдағы Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады

10.09.2020 14:42

Басқарма өкілдері тұрғындарды қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды

zerkalo.mk.ua

Алматыдағы Төле би көшесінің кей учаскелерінде көлік жүруіне тыйым салынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«10 қыркүйек таңғы сағат 7:00-ден 13 қыркүйек кешкі сағат 19:00-ге дейін Төле би көшесінің бойы, атап айтқанда Гагарин мен Розыбакиев көшелерінің аралығы жабылады»,– деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы. 

Уақытша шектеу осы көшедегі магистраль құбырын жоспарлы ауыстыруға байланысты инженерлік желілерді қайта жаңарту – тозған құбырларды ауыстыру үшін қажет. Басқарма өкілдері тұрғындарды қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.