2024 жылы Алматыдағы Наурызбай ауданының бюджеті 4 млрд теңгеге өсіп, 18 млрд теңгеге жетті. Биыл маусымда аудан бюджеті тағы 5 млрд теңгеге өсіп, 23 млрд теңге болды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы әкімі биыл құрылғанына 10 жыл болатын дамып келе жатқан аудан тұрғындарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселесін шешуге қаржы жұмсалатынын атады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы ауданның серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуын айғақтайды.
Мәселен, жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 15%-ға өсіп, 22 396-ға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда салық түсімін 60%-ға арттырып, 25 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 1800 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Сондай-ақ осы жылдың 6 айында Наурызбай ауданында 100 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23%-ға артық.