Бостандық ауданында екі емхана салынады

© kranz.ru
© kranz.ru
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы халқымен кездесу барысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Бостандық ауданында халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін 500 келушіге есептелген 2 емхана салу жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы халқымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бірінші емхана әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысында орналасады. Мемлекеттік қордан ауданы 1,3 гектар жер бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттамасын желтоқсан айында, құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылдың 4 тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз», – деді әкім.

Сондай-ақ екінші емхана Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында салынатын болады.

«2 емхана пайдалануға берілсе, 30 мың адам баратын 3 емхананың (№4,12,17 қалалық емханалар) жүктемесі жеңілдейді», – деді ол.


Новости партнеров