Мүмкіндігі шектеулі жандардың пандустарды пайдалану мәселесі қалай шешіліп жатыр

kolesa.kz
kolesa.kz
Бостандық ауданында 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының халқымен өткен кездесуде жерүсті өткелдерінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың лифтілер мен пандустарды пайдалану мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, ауданда 7 жерүсті, 12 жерасты өткелі бар (2 жерүсті өткелінде 4 лифт, 5 жерүсті және 3 жерасты өткелінде 17 көтергіш). Жыл сайын оларға қызмет көрсетуге шамамен 60-70 млн. теңге бөлінеді.

"Наурыз-сәуір айларында тексеру жүргізіліп, жерүсті және жерасты өткелдеріндегі 2 көтергіштің (әл-Фараби-Гагарин, әл-Фараби-Ремизовка)  ақауы бар екені анықталды. Лифтілер мен көтергіштерді жөндеуге биыл 6 млн. теңге бөлінді. 1 қарашаға дейін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтаймыз",- деп мәлімдеді әкім. 

Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның 720-сы арбамен жүреді.

Көтергіштерді қолжетімді ету мақсатында мұқтаж адамдарға арнайы кілттер әзірленіп, 1 тамызда 20 адамға берілді.

Новости партнеров