|
15.02.2024 | 09:44
1151

2024 жылы Әуезов ауданында неше көшеге жөндеу жүргізіледі

Учаскеде тротуарларды жайластыру көзделген

2024 жылы Әуезов ауданында неше көшеге жөндеу жүргізіледі Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

2024 жылы Алматы әкімдігі 22 көшеге, 7 өткелге және Сайын көшесінің Төле би көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысындағы 2 жолайырыққа орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала басшысы ағымдағы жөндеу аясында 60 мың м2 жол төсемі қалпына келтірілетінін айтты. Сонымен қатар оның айтуынша, ұзындығы 2 км болатын 2 учаскеде тротуарларды жайластыру көзделген.

- Көлік легінің шамадан тыс көп болу мәселесін шешу үшін Төле би көшесін (Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін) ұзартып салу жалғасуда. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған. Аяқталу мерзімі - 2025 жылдың соңы, - деді Ерболат Досаев.

Бұған қоса Алматы әкімі 2023 жылы жүргізілген жұмыстардың қорытындылады: 12 көше орташа жөндеуден өтіп, 45 учаскеде техникалық тротуарлар жабдықталды.

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында 20 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир