Әуезов ауданында 20 мыңнан астам ағаш отырғызылады
Victor Glutsenko
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Әуезов ауданында 20 мыңнан астам көшет және 180 км автосуару желісі іске қосылады. 2024 жылы ауданда көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Өткен жылы Әуезов ауданында көгалдандыру аясында 10 мың көшет отырғызылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында айтты.
- Биыл тағы 20 мың ағаш отырғызу жоспарлануда, – деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар 2024 жылы ағаштардың күтіміне ұзындығы 180 км болатын 34 га алаңда автосуару жүйесін іске қосу жоспарланады. Монтаж жұмыстары 2024 жылдың маусым айында басталады деді Алматы әкімі.
Оқи отырыңыз: LIVE: Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40