Алматыда вандалға қарсы шамдар орнатылды

28.11.2023 14:45

Ол ұлттық стильде ою-өрнектермен безендірілген, бұл кешке тротуар аймағында ерекше көрініс береді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда вандалға қарсы торшер шамдар орнатылды. Олар Абай даңғылыннан Сейфуллин даңғылы бойымен Достық даңғылына дейінгі жаяу жүргіншілер жолын жарықтандырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Торшер шамдары осы учаскеде тұратын тұрғындардың өтініші бойынша қолданыстағы тіректерге орнатылды. Бұрынғы жарыққа төзімділік сақталды, деп атап өтті «Алматы Қала Жарық» мамандары. Абай даңғылында барлығы вандалға қарсы 214 заманауи шамдар орнатылды. Қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жөндеу аясында жүргізілді және қосымша қаражат қажет болмады.

Торшер шамы Алматы қаласы үшін арнайы әзірленген. Ол ұлттық стильде ою-өрнектермен безендірілген, бұл кешке тротуар аймағында ерекше көрініс береді. Торшер шамдары түгел металл, сенімді бекітпелері бар. Өндірушілер барынша берік етіп жасауға тырысқан. Вандалға қарсы торшер шамдар төзімді.

Торшер шамдары Абай даңғылында тест режимінде орнатылған. Кейінірек оларды қаланың басқа бөліктеріне орналастыру мәселесі зерттелетін болады.

Сонымен қатар «Алматы Қала Жарық» жедел - жөндеу бригадасы Сәтбаев-Байзақов жолайрығында жұмыс істемейтін діңгектерді қалпына келтірді.

Еске салсақ, осыдан бір ай бұрын «Алматы Қала Жарық» КМК көше жарығына қатысты проблемаларды жою үшін техникалық қызметкерлер штатын ұлғайтты. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өтінішті іске асыруды жылдамдату үшін жергілікті учаскелерде 20 адамнан тұратын бірінші бригада құрылды.