Алматының Бостандық ауданында қанша жұмыс орны ашылды

06.09.2024 14:45

Қаражат инженерлік желілерді жаңғыртуға, көлік жүйесін дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған

Almaty.tv

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы баяндады. Аудан қалада инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр. Биылғы жылдың 7 айында 150 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға өсіп, 64 717-ге жетті. Бұл 5 мыңнан астам тұрғынды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Салық түсімі 34%-ға өсіп, 320 млрд теңгеге жетті.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге аудан бюджеті маусым айында 32%-ға ұлғайып, 29,1 млрд теңге болды. Қаражат инженерлік желілерді жаңғыртуға, көлік жүйесін дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған.