Алматыда биыл жер сілкінісі бола ма – маман жауап берді

23.04.2021 14:47

Сейсмология институтының ғылым жөніндегі директоры Досым Сүлеев Алматы мен Алматы облысындағы жер сілкінісі бойынша мамандар қорытындысын айтты

Фото: ашық дереккөзден алынды

Алматыда жер сілкінісі бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына болжам жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сейсмология институтының ғылым жөніндегі директоры Досым Сүлеев Алматы мен Алматы облысындағы жер сілкінісі бойынша мамандар қорытындысын айтты.

«Мамандардың соңғы қорытындысы бойынша, 2021 жылы магнитудасы 5,5 және одан жоғары, сілкіну қарқыны жеті балл және одан жоғары дүмпулер күтілмейді, ықтималдығы 0,7», – деді Сүлеев.

Алайда бұл болжам 2021 жылдың ортасында нақтыланады.