Алматы әкімдігінен 1000-нан астам адам перспективалы стартаптар құруға қолдау алады

31.05.2021 14:48

Соңғы екі жылда 190 мың алматылық кәсіпкерлік курсынан өткен

vyksavkurse.ru

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv

Е. Оразалин мегаполисті дамытудың негізгі драйвері бизнес пен адамдар екенін еске салды. Алматы қаласы еліміздің ең креативті, іскер және білімді адамдарымен тартымды.

«Бүгінде қала экономикасының 45%-дан астамын жеке бизнес қалыптастырады. 10 алматылықтың 6-ы шағын және орта бизнеспен айналысады, Қазақстанның әрбір алтыншы кәсіпорны Алматыда ашылған», – деді Е. Оразалин.

Кәсіпкерлікті дамыту туралы айта келе, басқарма басшысы өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін оларды оқыту үлкен көмек екенін атап өтті.

Е. Оразалиннің мәліметінше, соңғы екі жылда 190 мың алматылық кәсіпкерлік курсынан өткен. Сонымен қатар, пандемия кезінде курстар жұмысын тоқтатқан жоқ, 165 мың адам онлайн режимінде оқытудан өткен.

Е. Оразалиннің айтуынша, курстарда тек теория оқытылып қана қоймай, іс жүзінде бизнесті қалай басқару керектігін де көрсететінін атап өтті. Курстардың арқасында Алматыда ШОБ саны 3%-ға артты. Ал жұмыспен қамтылғандар саны 978 мыңнан асты.

«Алматы бизнесті дамыту қаласы болған және болып қала береді. Біз жастарды оқыту практикасын жалғастырамыз, кәсіби бизнес-жаттықтырушылар маркетинг, бухгалтерлік, салықтық есепке алу дағдыларын оқытатын болады. Тәжірибе жинақтай отырып, келесі кезеңде кәсіпкерлер жаңа деңгейге шығып, «Акселерация» жобасына қатыса алады», – деді Е. Оразалин.

2021 жылы «Акселерация» жобасымен 1000-нан астам адамды қамту жоспарланып отыр. Сауда, тамақ өнеркәсібі, тігін өндірісі, мейрамхана бизнесі, қонақ үй бизнесі, білім беру курстары, маркетинг және IT-саласы сияқты бағыттар бойынша.

Е. Оразалин Almaty Business-2025 бағдарламасының жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, бұл кезеңді «неғұрлым жетілген кәсіпкердің үшінші сатысы» деп атауға болады. Сонымен қатар, Qolday кәсіпкерлік орталығына жүгінуге болады. Спикер бүгінгі таңда 108 мыңнан астам кеңес өткізілгенін, 9,5 мың кәсіпкер оқытылғанын, 700 адам сүйемелдеу алғанын, 770 бизнес-жоспар әзірленгенін атап өтті.

Оқудан өткен барлық кәсіпкерлер Almaty Finance-тан жеңілдетілген несие алуға да құқылы.