Тұрғындардың өтініші ескерусіз қалмайды – Бақытжан Сағынтаев

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды
Әкім аудандағы аулаларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Бостандық ауданындағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Бағанашылдағы «Алма ҮАК» бау-бақша серіктестігінде ұзындығы 350 м жуық қауіпті беткей учаскесін нығайту жұмыстары жүруде. Міндет – 37 үйдің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алма-Арасан шатқалына қарасты Көкшоқыда сумен жабдықтау және су бұру желілері тартылып, көшеге жарық орнатылып, жол салу жоспарланып жатыр», – деді әкім.

Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша мұнда этноауыл құру жобасын іске асырылуы мүмкін екенін айтты.

«Қолөнершілерге Almaty Business-2025 бағдарламасын пайдалануды, шағын өнеркәсіп парктерінің бірінде цех ашып, жылдық мөлшері 2%-бен жеңілдетілген несие алып немесе грант пайдалануды ұсындым»,– деп жазды Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, әкім аудандағы аулаларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Тек балалар үшін емес, ересектерге де қолайлы жағдай жасалуда. Тұрғындардың пікірі, өтініші ескерусіз қалмайды. Сондай-ақ, салынып жатқан ТК-дағы мектепке арналған жаңа үй-жай мен жекеменшік балабақшаны қарап шықтым. Бизнес саласының өкілдері құрылыстағы жаңа қағидаға бағынып, қаланың әлеуметтік дамуына атсалысуда»,– деп жазды әкім.



Новости партнеров