Мегаполис экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділікпен қатар жүрді
2023 жылы Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты мәнде 10,1% ұлғайып, 24,8 трлн теңге болды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Экономиканы дамытудың драйверлері өңдеу өнеркәсібі (+17,5%), сауда (+14,5%), қаржы және сақтандыру қызметі (+12,0%), ақпарат және байланыс (+11,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (+6,9%), көлік және қоймалау (+5,7%) болды.
Мегаполис экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділікпен қатар жүрді. 2023 жылы Алматы қаласына 1,8 трлн негізгі капиталға салынған инвестициялар теңгесі 25,3% өсті, бұл ретте жеке инвестиция 35,5% артты. Былтыр шағын және орта бизнес субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнімін шығарды, нақты өсімі - 15,8%. Белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 340,1 мың бірлік, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,2% артық.
Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін 2022 жылғы 5,0%-дан 2023 жылы 4,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы, Алматы қаласының Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,6%-ға дейін өсті.
Оқи отырыңыз: «Алматы – біздің ортақ үйіміз»: таудан, өзен-көлдерден 20 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды