Б. Сағынтаев Алматының қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру барысын тексерді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың ойын және спорт аймақтарын құру, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалардың іске асуымен танысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуезов ауданының Алтын бесік шағын ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Бұрын Анет баба көшесінде студенттік жатақхана салу жоспарланған болатын. Тұрғындар өтініш білдірген соң қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мұнда спорт және ойын алаңдарын, сондай-ақ балабақша салу туралы шешім қабылдады. Мұнда тұратын  қалалықтар мәселенің осылай  шешілуін өтінген болатын, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді 5 мың шаршы метр бос тұрған  жерде футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары бар спорт алаңы, балаларға арналған ойын алаңы салынды. Аумақ абаттандырылды, жарықтандырылды, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылды, бұталар мен ағаштар отырғызылды. Жақын жерде 120 орындық балабақша салынады, оның жобасымен қала әкімі танысты.

Б. Сағынтаев сондай-ақ Алтын бесік шағынауданындағы Трудовая көшесінде абаттандыру және қоғамдық кеңістік құру барысын көрді. Сондай-ақ, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша аумағы 9 мың шаршы метр болатын қараусыз қалған алаң болды, ол тазартылып, тренажерлері, теннис үстелдері, воркаут-аймағы бар спорт алаңы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, футбол және баскетбол алаңдары, скейт-алаң, балалар ойын аймағы қарастырылған. Жарықтандыру және бейнебақылау орнатылған.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Ақсай-2 шағын ауданындағы саябақты қайта жөндеу жобасымен танысты, МЖӘ аясында салынған №42 мектептің спорт алаңын аралап көрді, Үлкен Алматы өзенінің жағалауы - Әл-Фараби даңғылы бойындағы көпір асты кеңістігін абаттандыру нәтижелеріне баға берді. 

Сонымен қатар, Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзындығы 4,5 км Төле би көшесін үңгілеу жобасы қаралды.

Новости партнеров