Биыл Жетісу ауданының 27 көшесі жөнделеді

28.03.2024 14:53

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен есептік кездесу барысында мәлімдеді

elements.envato.com

Жетісу ауданында ұзындығы 21 км асатын көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7 көшеде тротуарлар жасалады, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен есептік кездесу барысында, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, былтыр 21,8 км 17 көше жолдарына орташа жөндеу жүргізіліп, 10 көшеге ұзындығы 2,7 км тротуарлар салынған.

«Сонымен қатар өткен жылы 5000 ш.м. техникалық тротуарлар салумен жалпы ауданы 30,5 мың шаршы метр жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2024 жылы ауданы 35 мың ш.м. жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді қала басшысы.

Оқи отырыңыз: Жетісу ауданында 40 көше жарықтандырылады