Биыл Алатау ауданында тағы 5 мектеп салынады

иллюстративное фото, factum.kz
иллюстративное фото, factum.kz
7 800 орындық жаңа бес мектеп салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданындағы мектептердегі орын тапшылығын азайту үшін биыл жылдың соңына дейін Алатау ауданында 7 800 орындық 5 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Саялы-2 және Зерделі шағынаудандарында әрқайсысы 550 орындық тағы 2 мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бүгін Саялы-2 бойынша мердігер ұйымды анықтау үшін конкурс жарияланды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталып, 2023 жылдың қараша айында аяқталады», - делі Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуына, Зерделі шағынауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың қыркүйек айында аяқталады. Жұмыстарды 2023 жылдың наурызында бастап, 2024 жылдың тамыз айында аяқтау көзделіп отыр.

Новости партнеров