Алмалы ауданы көшелерін су басу мәселесі қалай шешіледі

gov.kz
gov.kz
Үнемі су басатын 12 учаске анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үнемі су басатын жерлерді болдырмау аясында Алмалы ауданында бойынша 12 учаске анықталды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, 4 учаскедегі жұмыстар Әйтеке би көшесінің Назарбаев даңғылы, Абылайхан даңғылы және Панфилов көшесімен қиылысындағы, сондай-ақ Масаншы көшесінің Мақатаев көшесімен қиылысындағы учаскелер коллекторына қосыла отырып аяқталды.

"Жыл соңына дейін Мақатаев көшесінің бойындағы жалпы ұзындығы 3,6 км коллектор қалпына келтіріледі. Райымбек даңғылының бойынан қосымша 2,3 км жаңа арық желісі мен 1,6 км канал саламыз", - деді мегаполис басшысы.

Сондай-ақ ол осы айда әкімдік 52 учаскеде 34 км арық желісін реконструкциялауды және салуды бастайтынын айтып өтті. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Новости партнеров