Алматының Әуезов ауданында ескірген құбырлар ауыстырылады

17.06.2024 14:57

Соңғы бес жылда құбырда 20-ға жуық ақау тіркелді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданындағы жылу магистралін қайта жаңарту барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2023 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан және 2024 жылдың қыркүйегінде аяқталуға тиіс екі жылдық жобаны жүзеге асыру аясында 1 838 метр құбыр ауыстырылады. Диаметрі 700 мм болатын қайта жөндеуге жататын жылу магистралі 1991 жылдан бастап пайдалануға берілді және өзінің 25 жылдық нормативтік мерзімін өтеді. Соңғы бес жылда құбырда 20-ға жуық ақау тіркелді.

Магистраль Ұлықбек даңғылы мен Шаляпин көшесінің арасындағы кіші Сайын көшесінің бойымен батыс жағында.

2023 жылы 583 метр құбыр салынды. Биыл құрылыс мамыр айынан бастап жалғасты және қазіргі уақытта жалпы жұмыс көлемінің 18%-ы орындалды.

Құбыр 400-ден астам көппәтерлі үйдің, 4 балабақшаның және аталған көшелердің аумағында орналасқан 105 жеке тұрғын үйдің тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Қайта жаңарту осы учаскедегі жылу шығынын, тозуды және апатты азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмыс кезінде тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтаудың уақытша схемасы көзделген.

Сондай-ақ жыл соңына дейін ұзындығы 1386,5 метр болатын тағы бір тозған құбырды ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыс Сайын көшесінің батысында және Шаляпин көшесінің солтүстігінде аулаішілік аумақта қолға алынған.

Құрылыстың бірінші кезеңі 2023 жылы басталды, ол кезде 730 метрлік жылу трассасы ауыстырылды. Биыл тағы 656,5 метрді ауыстыру жоспарланған.

Қала басшысы құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдетуді және нысандарды қайта жаңартуды мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы тағы бір қараусыз қалған бос жер жайлы қоғамдық орынға айналды