|
30.11.2022 | 09:58
1835

Түрксіб ауданында су мәселесі қалай шешіліп жатыр

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында айтып берді

Түрксіб ауданында су мәселесі қалай шешіліп жатыр ашық дереккөзден

Түрксіб ауданында су мәселесі қалай шешіліп жатыр? Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сіздермен ақпан айында кездескенімізде  Баймағамбетов-Шемякин-Коминтерн-Айтықов көшелерінің бөлігіндегі жұмыс істемейтін су құбыры және канализация желісін Алматы Судың балансына беру туралы мәселе көтерілді. Бүгінгі таңда ұзындығы 11 км желі қалпына келтірілді. Оған қоса 2022 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 3 канализациялық сорғы станциясының құрылысы аяқталады», – деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, қала әкімінің айтуынша 2022 жылдың соңына қарай осы шағын учаскедегі 1 мың үйді орталық су желісіне, ал  келесі жылы су бұру желісіне қосуға мүмкіндік пайда болады.

«Түрксіб ауданының тұрғындарын сапалы сумен және тұрақты су бұру жүйесімен қамтамасыз ету үшін осы жылдың басынан бері «Жас қанат», «Шуақты» және «Нижняя пятилетка» 3 шағынауданында (128,4 км) 71,6 км инженерлік желі салынды (50% канализация, 50% сумен жабдықтау желілері). «Жас қанат» және «Шуақты» шағынаудандары бойынша инженерлік желілерді І-тоқсанда, «Нижняя пятилетка» шағынауданы бойынша 2023 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл осы шағын аудандардың 20 мыңнан астам тұрғынына (20 150 адам, 5,5 мың үй) орталық коммуникацияларға қосылуға мүмкіндік ашады. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін жол жабыны қалпына келтіріледі. «Авиатор» (02.08.2022 ж.; 12,6 км), «Маяк» (02.08.2022 ж.; 19,1 км), «Әлмерек» (30.06.2022 ж. 2-кезең; 18,5 км) және «Қайрат» (2023 жылдың наурыз айында 2-кезең;14,2 км) шағынаудандарында 64,4 км сумен қамту желілерін салуға жобалау-сметалық құжаттама алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың III-тоқсанында бастау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Түрксіб ауданында әлі де орталық сумен қамту және су бұру желілеріне қосылмаған 9 500 үй бар. Қазір бұл үйлер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін 2024 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаймыз», – деді қала әкімі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир