Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр
Depositphotos.com
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, Түрксіб ауданына қосымша 875 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Аталған қаражатқа 56 жобаны, оның ішінде жалпы пайдалану орындарын абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын жайластыру, жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарлануда. Анықтама үшін: бөлінген қаражат шеңберінде (813,3 млн теңге) жыл басында 26 жоба іске асырылатын болады. Қосымша қаражатты ескере отырып, жалпы аудан бойынша 82 жоба іске асырылады», - деді Ерболат Досаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43