Алматының төрт шағынауданында 395 км су құбыры және кәріз желісі жүргізіледі

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы қамтылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызбай ауданы құрылғаннан бері ауыз сумен қамтамасыз ету - ең өзекті мәселе. Бүгінде аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала басшысы еске салғандай, өткен жылдың қарашасында Ақжар және Шұғыла шағынаудандарында 61 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы сәтті аяқталды.

2024 жылдың маусымында Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы шағынаудандарында 395 км жаңа сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда.

Ақжар мен Қарағайлы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды.

Ерболат Досаев Тастыбұлақ және Таусамалы шағынаудандары үшін мемлекеттік сараптама биылғы жылдың наурызында аяқталады деп атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматының Наурызбай ауданындағы «Премьер» қазандығының жылу қуаты 2 есеге артты

Новости партнеров