|
11.06.2020 | 10:14
4450

Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлер қоғамдастығынан санитарлық нормаларды сақтауды өтінді

Мамандар тексерген 2,4 мыңға жуық субъектінің 138-інде заңбұзушылық анықталды

Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлер қоғамдастығынан санитарлық нормаларды сақтауды өтінді Иллюстрированное фото: РСК Алматы

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлер қоғамдастығынан санитарлық дәрігер бекіткен нормаларды сақтауды өтінді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң өндіріс, құрылыс, сауда мен қызмет көрсету орындары жұмыстарын кезең-кезеңмен жандандыра бастағанын еске салды.

«Басты талап – санитарлық нормаларды сақтау. Оның өзі қиын емес, яғни санитайзер, қорғаныс бетпердесі, қолғап пен әлеуметтік қашықтық. Егер ірі кәсіпорындар өз жұмысын тексеруден кейін бастаса, шағын бизнес саласына рұқсат хабарлама принципі бойынша берілді. Бұл ретте жауапкершілік жүгі кәсіпкерге жүктелді», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Тәжірибе көрсеткендей, жауапкершілік пен оның маңыздылығын түсінетіндер көп емес. Мамандар тексерген 2,4 мыңға жуық субъектінің 138-інде заңбұзушылық анықталды. Кейбіреуінің қызметін тоқтатуға тура келді.

«Кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінен өтініп сұрарым, қызмет түріне қарамастан, белгіленген нормаларды ұстану керек. Егер қауіпті індеттің қайта өршуіне жол берсек, қаланың тыныс-тіршілігіне ауыр соққы болары анық. Бір-бірімізді қолдайық», — деп  Алматы әкімі қала кәсіпкерлеріне үндеу тастады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін өнеркәсіп, құрылыс кәсіпорындарының, сауда мен қызмет көрсету нысандарының қызметін кезең-кезеңімен іске қосуды қолға алдық. Басты талап — санитарлық нормаларды сақтау. Оның өзі қиын емес, яғни санитайзер, қорғаныс бетпердесі, қолғап пен әлеуметтік қашықтық. Егер ірі кәсіпорындар өз жұмысын тексеруден кейін бастаса, шағын бизнес саласына рұқсат хабарлама принципі бойынша берілді. Бұл ретте жауапкершілік жүгі кәсіпкерге жүктелді. Тәжірибе көрсеткендей, жауапкершілік пен оның маңыздылығын түсінетіндер көп емес. Мамандармен тексерілген 2,4 мыңға жуық субъектінің 138-інде заң бұзушылық анықталды. Кейбіреуінің қызметін тоқтатуға тура келді. Кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінен өтініп сұрарым, қызмет түріне қарамастан, белгіленген нормаларды ұстану керек. Егер қауіпті індеттің қайта өршуіне жол берсек, қаланың тыныс-тіршілігіне ауыр соққы болары анық. Бір-бірімізді қолдайық. —— После стабилизации эпидемиологической ситуации мы стали поэтапно возобновлять деятельность промышленных, строительных предприятий, объектов торговли и услуг. Главное условие — соблюдение санитарных норм. Они не сложные: санитайзеры, защитные маски, перчатки и социальная дистанция. Если крупные предприятия запускались после проверки, то малому бизнесу разрешили начать работу по уведомительному принципу, положившись на сознательность предпринимателей. Как показывает практика, не все понимают степень ответственности и последствия. Из проверенных специалистами почти 2,4 тыс. субъектов выявлены нарушения в 138. Деятельность некоторых пришлось приостановить. Обращаюсь к предпринимательскому сообществу и прошу, независимо от вида деятельности, придерживаться установленных норм. Если мы допустим новую вспышку коронавируса, под удар будет поставлен весь город. Давайте не подводить друг друга. #AlmatyBirgemiz

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)10 Июн 2020 в 8:51 PDT


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир