|
25.07.2024 | 10:01
855

Ерболат Досаев Наурызбай ауданын сумен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Жұмысты биылғы қыркүйекке дейін бітіру көзделген

Ерболат Досаев Наурызбай ауданын сумен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында аудан халқын тұрақты сумен қамту және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету басым бағыттың бірі екенін атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалаға қосылған біраз аумақта саяжай мен бау-бақша серіктестіктері орналасқан. Бір кездері мұнда жыл бойы пайдалануға арналмаған желілер салынды. Соның нәтижесінде шағынаудандардың тұрғындарын тұрақты түрде сумен қамтуда қиындық туындады.

Осыған байланысты ауданда тұрғындарды тұрақты сумен және су бұру желілерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынған. Биыл шілдеде орталықсыздандыру аясында аудан әкімдігі Ақжар және Қарағайлы шағынауданында 90 км жаңа сумен қамту және су бұру желілерін салу жұмыстарын бастады. Бұл мақсатқа 3,5 млрд теңге бөлінді. Жұмысты 2025 жылдың қазан айына дейін аяқтау жоспарланған.

Ауданның оңтүстік бөлігінің тұрғындары Қарғалы мен Ақсайдың екі негізгі су көздерінде су лайланса судың беруі шектеледі. Бұл мәселені шешу үшін «Қарғалы» су жинағышын салу туралы шешім қабылданды. Қазір су жинағыш, магистральдық су құбыры, су дайындау станциясы және сүзгі станциясының құрылысы сынды құрылыстың 1 кезеңі аяқталды.

Екінші кезеңде су тартуды толық іске қосу үшін ұзындығы 6,5 км жаңа кәріз коллекторының құрылысын аяқтау жоспарланған. Биыл қыркүйек айына дейін бітіру көзделген. Бұл ауданның 50 мыңнан астам тұрғынын сумен тұрақты қамтамасыз етуге жол ашады.

Сондай-ақ Наурызбай ауданының батыс бөлігінің 150 мың тұрғынын және Алматы облысының екі ауылын сапалы сумен қамтамасыз ететін «Ақсай» су жинағышының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаны 2025 жылдың қараша айында аяқтау көзделген, қазіргі уақытта жұмыс 55% бітті.

Бұған қоса, осы жылдың қыркүйек айында Тастыбұлақ және Таусамалы шағынаудандарында инженерлік желілер салу жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2025 жылдың көктемінде бастап, 2026 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында жаңа көшелер салынады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир