4 қаңтар сағат 02:30-дан бастап Алматыда қар жауа бастады, синоптиктердің болжамына сәйкес түске дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Таңғы сағат 08:00-ге дейін таулы аймақтарда 15-18, қалада 10, ал Шымбұлақта қар қалыңдығы 60 см-ге жетті.
Синоптиктердің ескертуімен қар жауа бастағанға дейін қаланың барлық аудандарында құмшашқыш машиналардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр, 2274 тонна материал пайдаланылды.
Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілер жолын, көлік тұрақтары мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Таңғы 06:00-ден бастап патрульдік полицияның көмегімен қар тазалаушы көліктерден 17 колонна іске кірісті.
32 қар тасымалдаушы көлік пен 70 самосвалдың көмегімен қар шығарылып жатыр.
Түнгі уақытта 516 арнайы техника, оның ішінде 152 құмшашқыш, 204 тазалаушы техника мен 367 жұмысшы тазалау жұмыстарын жүргізді.
Таңнан бері қала көшелерінде 524 арнайы техникамен1240 жұмысшы қызмет етуде.
Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда жұмыстарды жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 4 қаңтар күні күндіз қалада ауа температурасы-2..-4°С құрайтын болады, қар жауып, 2-7 м/с жылдамдықтағы жел тұрады.