Қырғызстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
Depositphotos.com
Бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қырғызстанда 2023 жылдың қаңтарынан бастап фонограммамен ән айтуға тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясат министрі қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Құжатта барлық мемлекеттік мәдени-ағарту мекемелері, атап айтқанда, театр, спорт мекемелері, филармония, концерттік зал, кинотеатр, клуб, мұражайлар, министрлік қарамағындағы кітапханаларда өткізілетін концерттердегі вокалдық қойылымдардың барлығында жанды дауыспен өнер көрсету керектігі айтылған.
Бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Оның орындалуына жауапкершілік осы мекемелердің басшыларына жүктеледі. Бұйрықтың орындалуын министр қадағалайтын болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
24.09.2026 08:45
23 қыркүйекке арналған валюта бағамы
23.09.2026 07:40
24 қыркүйекке арналған валюта бағамы
24.09.2026 07:50