Өрт сөндіруші-құтқарушылар жұмыс аумақтарын ретке келтірді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көріктендіруге өз үлесін қоса алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық құтқарушы - өрт сөндірушілер "Алматы – біздің ортақ үйіміз" ауқымды науқанына қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері сенбілікке шығып, айналадағы аумақты ретке келтіру, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсету және қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қосу үшін сыпырғыштармен, тырмалармен және күректермен қаруланды.

Мегаполистің барлық 20 өрт сөндіру бөлімдерінде аумақ өткен жылғы шөптер мен жапырақтардан тазартылды, ағаштар ақталды, қоршаулар боялды, ағаштар отырғызылды.

- Күн шуақты ауа-райы мен бірлескен жұмыс бұл күнді шынымен көктемгі және белсенді етті, жұмыс тезірек жүруі үшін ашық аспан астында музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды. Алматылықтарды сүйікті қаламыз одан да жақсы және әдемі болуы үшін акцияға қатысуға шақырамыз, - деп атап өтті ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.

Ұйымдасқан нәтижелі сенбіліктен кейін қызметкерлерге дастархан жайылды.

"Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны 8 сәуірде басталды. Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көріктендіруге өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат сайтта орналастырылған аlmaty.kz, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерге, афишаларға, постерлерге арнайы QR-код арқылы кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушылары үшін әлеуметтік желілердегі хэштегтер:

#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Оқи отырыңыз: Алматы - біздің ортақ үйіміз: Бутаковка тауларында 500 өрік көшеті отырғызылды


Новости партнеров