Алматының барлық қалалық қазандықтары жылу маусымын еш апатсыз аяқтауда

Фото: 365info.kz
Фото: 365info.kz
Мониторингтің соңғы деректері бойынша жылу көздері жабдықтарында технологиялық ауытқушылық болған жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының биылғы жылу маусымында ең ірі мегаполитің жеті ауданы тұрғындарының 1/3 бөлігін жылу энергиясымен қамтитын қаладағы 83 қазандықтың барлығы апатсыз жұмыс режимін одан әрі жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мониторингтің соңғы деректері бойынша жылу көздері жабдықтарында технологиялық ауытқушылық болған жоқ. Осының арқасында жылу тұтынушыларға үздіксіз жеткізілді.

«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-не қарайтын қазандықтар өткен күзде, қыста және көктемнің алғашқы айларында қала тұрғындарына 2 миллион гигакалория жылу энергиясын берді. Жылудың осындай ауқымды көлемін дайындау үшін 267,5 миллион текше метр табиғи газ, 56,6 миллион киловатт-сағат электр және 5,3 миллион текше метр салқын су пайдаланылды.

Негізгі отыны табиғи газ болып табылатын Алматы қазандықтары жылу маусымының басынан бері бүгінге дейін мазутты қолданған емес. Осының арқасында күрделі метеорологиялық жағдайларға қарамастан оңтүстік мегаполистің ауа бассейнінің зиянды заттармен ластануына жол берілмеді әрі барлық экологиялық стандарттар сақталды.

Бүгінде Алматының тұрғын және тұрғын емес ғимараттарының 35%-ы 83 қазандық арқылы жылумен және ыстық сумен қамтылған, олардың жалпы қуаттылығы 1704 Гкал/сағат.

Олардың ішінде қуаттылы 33-тен 502 Гкал/сағат болатын 9 ірі және қуаттылығы 0,11 Гкал/сағаттан 33 Гкал/сағатқа дейінгі 74 шағын қазандықтар бары.

Новости партнеров