|
28.03.2024 | 10:06
564

Алматыдағы Айнабұлақ шағынауданында жаңа балабақша ашылады

Бұл туралы Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді

Алматыдағы Айнабұлақ шағынауданында жаңа балабақша ашылады elements.envato.com

Алматыдағы «Айнабұлақ» шағынауданындағы жаңа балабақша биыл мамырда ашылады. Бұл туралы Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы былтыр оқушы орындарының тапшылығын одан әрі азайту үшін «Құлагер» шағынауданындағы №148 мектеп-гимназиясына қосымша құрылыс салынғанын, №80 мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

«2024 жылы №103 мектепке 200 орындық, №112 мектепке 300 орындық қосымша құрылыстарды аяқтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады», - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар осы жылдың мамыр айында «Айнабұлақ» шағынауданында 160 орындық балабақша ашу жоспарланған. Құрылыс аяқталды, ғимарат алғашқы келушілерді қабылдауға дайын болып қалды.

2024-2025 жаңа оқу жылының басталуымен Жетісу ауданында 2 қосымша мектеп автобусы қатынай бастайды. Жоба былтыр балалардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске қосылды: қазір Жетісу ауданына 6 мектептен балаларды тасымалдайтын 23 автобус қызмет көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Биыл Жетісу ауданының 27 көшесі жөнделеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир