Алматының Түрксіб ауданында емхана мәселесі қалай шешіледі

scientificrussia.ru
scientificrussia.ru
Бұл сауалға Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл  Түрксіб ауданындағы Айбасов көшесіндегі 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның жобалау құжаттамасы әзірленді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2022 жылдың 3-тоқсанында Нұршашқан шағынауданында 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау жоспарланған. Сондай-ақ, Әлмерек  шағынауданында және РВ-90-да әрқайсысы 200 келушіден тұратын 2 амбулаторияның құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады», – деді Досаев.

Сонымен қатар, Қайрат шағынауданында 340 адам қабылдайтын емхананың құрылысына жобалау құжаттамасы әзірленіп жатыр.

«№20 қалалық емхананың дәрігерлік амбулаториясын тұрақты орналастыру үшін 13 әскери қалашықта жалға берілетін ғимарат сатып алынады», – деді ол.  

Айта кетейік, халық санының өсімін ескере отырып, Нұршашқан, Әлмерек шағынауданындағы медициналық мекемелерге түсетін жүктеме 2 есе және Жас Қанат, Қайрат шағынауданында 1,5 есе ұлғайған. Сондай-ақ, Түрксіб ауданында 13 денсаулық сақтау мекемесіне 252,5 мың адам тіркелген.


Новости партнеров